Мемлекеттік рәміздер
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы салынған мөрге қойылатын талаптар
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы салынған мөр» ҚР СТ 1430-2005 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік органдары мен ұйымдарының Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы мөрлеріне қойылатын техникалық талаптарды айқындайды. Осы стандарт Қазақстан Республикасының барлық мемлекеттік ұйымдарында қолданылуы міндетті.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы салынған мөр (бұдан әрі — Елтаңбалық мөр) мемлекеттік орган немесе ұйым басшының қолы қойылған өтініш бойынша дайындалады.
Мемлекеттік ұйым елтаңбалық мөрге тапсырыс беру кезінде өтінішпен бірге мыналарды қоса беруі керекс:
– дәл, айқын, таза және түсінікті жасалған елтаңбалық мөрдің нобайы;
– белгіленген тәртіппен куәландырылған толық атауы бар Жарғының (Ереженің) көшірмесі.
Елтаңбалық мөрдің қалыбы сыртқы айналым бойынша шағын мәтін орналасқан құрсаумен шектеседі. Шағын мәтінде елтаңбалық мөрді жасаушы кәсіпорын туралы ақпарат (жасаушының атауы, лицензияның нөмері және берілген күні, мөрді жасау жылы, айы және күні) жазылуы тиіс.
Елтаңбалық мөр қалыбының ортасында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесі орналасады. Елтаңбалық мөрдегі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының көрсетілген бейнесі ҚР СТ 989-2008 талаптарына сәйкес болуы қажет.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының айналасында шағын мәтін орналасады. Шағын мәтін елтаңбалық мөрге тапсырыс берушісі туралы ақпарат пен салық төлеушінің тіркеу нөмерін – СТН қамтуы тиіс.
Лицензиясы бар кәсіпорындар мемлекеттік рәміздер бейнеленген материалдық нысандарды даярлау мүмкіндігіне ие.
Павлодар облысындағы «Баспа үйі» ЖШС (Павлодар қаласы, Ленин көшесі, 143, тел. 32-41-77, 32-77-09) қолда бар лицензия арқылы елтаңбалық мөр дайындайды.